ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ НЕКЕ ТУРАЛЫ НОРМА: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҮШІН НЕНІ БІЛУ МАҢЫЗДЫ

Конституцияның жаңа редакциясында неке — ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы болып табылатыны және оның мемлекеттік тіркеуге жататыны бекітілген. Бұл отбасы мәртебесінің құқықтық айқындылығын арттырып, ерлі-зайыптылардың тең құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар үшін бұл норма әлеуметтік саясатты және отбасын қолдау шараларын дамытуға арналған конституциялық негіз болып табылады. Атап айтқанда, бұл жұмыс істейтін ата-аналарға берілетін кепілдіктерді, ана мен баланы қорғауды, әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ кәсіби қызмет пен отбасылық өмірді үйлестіруге мүмкіндік беретін жағдайларды қамтиды.
Кәсіподақтар үшін бұл норма қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және отбасы институтын нығайту жөніндегі жұмыста, соның ішінде ұжымдық шарттар жасау арқылы, қосымша бағдар болып табылады.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *