БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ — БІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ
Федоров ауданында алдағы жалпыхалықтық референдумға арналған еңбек ұжымдары мен мемлекеттік қызметшілермен кездесулер жалғасуда. Ашық диалогтың бастамашысы ретінде «Қызмет» салалық кәсіподағының аудандық филиалының төрайымы Зоя Андреевна Шашкова және «Аманат» партиясының аудандық филиалының өкілі сөз сөйледі.
Кездесу ашық әрі мазмұнды өтті. Негізгі тақырып — Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы және әрбір еңбек адамына тікелей қатысты өзгерістер болды.
Зоя Андреевна ұсынылып отырған түзетулердің негізінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, адами капиталды дамыту, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығын нығайту жатқанын атап өтті. «Мемлекеттің әрбір шешімі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қызмет етуі маңызды», — деді ол.
Қатысушылар «Отбасы және неке» бабына ерекше назар аударды. Онда ерлі-зайыптылардың теңдігі, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігі және кәмелетке толған балалардың ата-анасына қамқорлық жасау міндеті бекітілген. Бұл құндылықтар әрбір азаматқа жақын әрі түсінікті.
15 наурыз күні ел тұрғындары маңызды шешім қабылдайды. Референдум — ел болашағына тікелей ықпал етуге, өз ұстанымын білдіруге және азаматтық жауапкершілікті көрсетуге берілген мүмкіндік.
Кәсіподақ мемлекеттік қызметшілер мен барлық еңбек ұжымдарының мүшелерін бейжай қалмауға шақырады. Біздің дауысымыз — ертеңгі күн алдындағы жауапкершілігіміз.



Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!