ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ — БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗДА

2026 жылғы 15 наурызда елімізде жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум өтеді. Негізгі заң — бұл жай ғана құжат емес, ол қоғамның қалай құрылатынын, азаматтардың құқықтары қалай қорғалатынын және елдің қалай дамитынын айқындайтын мемлекеттің іргетасы. Сондықтан алдағы референдум маңызды оқиға болып табылады.
Әрқайсымыз өз пікірімізді білдіріп, Қазақстан Республикасының болашағын айқындауға қатысу мүмкіндігіне ие боламыз, өйткені жаңа Конституцияның қажеттілігі мен маңыздылығын қазақстандықтардың басым бөлігі мойындайды. Құжат азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленді.
Мен үшін, өз елімнің тұрғыны әрі патриоты ретінде, жоба ұсынатын негізгі өзгерістердің маңызы ерекше: бірпалаталы парламенттің жаңа моделі, азаматтардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысу нысандарын кеңейту, сондай-ақ адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау кепілдіктерін күшейту.
Республикалық референдум — мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге азаматтардың тікелей қатысуының маңызды тетігі. Мұндай оқиғалар мемлекеттің тағдыры қоғамның белсенді азаматтық ұстанымына байланысты екенін еске салады.
Алтынсарин аудандық мәдениет үйі
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
Ю. Сизухина
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *