РЕФЕРЕНДУМ — БОЛАДЫ

Арқалық қаласындағы «Арқалық арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Хасен Шыңғыс алдағы Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы бойынша өткізілетін республикалық референдумға арналған кездесу өткізді. Референдумда қойылатын сұрақ: «Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?».
Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың құқықтық мемлекетті одан әрі дамытудағы, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайтудағы және азаматтардың кепілдіктерін кеңейтудегі маңызы түсіндірілді.
Әсіресе қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, еңбекшілердің заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі кәсіподақтардың рөлі, сондай-ақ әрбір қызметкердің белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Референдумға қатысу – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі әрі демократиялық институттарды нығайтуға қосылған үлес екені атап өтілді.
Орталықтың кәсіподақ мүшелері республикалық референдумды өткізуді қолдайтындарын білдіріп, жаңа Конституция жобасы әлеуметтік әділеттілікті дамыту мен қызметкерлердің кепілдіктерін күшейту жолындағы маңызды кезең екенін атап өтті.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *