СОТСЫЗ ЖӘНЕ ҚАҚТЫҒЫССЫЗ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПОДАҚТАРЫ КЕЛІСІМ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ОҚЫТТЫ
2026 жылғы 26 ақпанда «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Қорғау» Қостанай облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ-мен бірлесіп «Келісім комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға келісім комиссияларының мүшелері және облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Қостанай облысында 80 мыңға жуық адамды біріктіретін 850 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. 2025 жылы 11 жаңа бастауыш ұйым құрылып, кәсіподақ қатарына шамамен 250 адам қосылды.
Семинарды «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Аронова Ирина Петровна ашты. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясының маңыздылығына тоқталып, заңдылық қағидаттарын нығайту мен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың өзектілігін атап өтті.
Семинар спикерлері ретінде Исмагамбетов Асет Талғатбекұлы — «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің заң клиникасының меңгерушісі және Утемисов Талғат Жасарұлы — «Қорғау» облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының заңгері сөз сөйледі.
Асет Исмагамбетов өз баяндамасында келісім комиссиясының құқықтық табиғатын — қызметкерлер мен жұмыс берушінің тең санды өкілдерінен паритеттік негізде құрылатын, міндетті тұрақты жұмыс істейтін орган ретіндегі мәртебесін жан-жақты түсіндірді. Комиссияны қалыптастыру тәртібі, жеке еңбек дауларын қарау мерзімдері, шешім қабылдау рәсімі және олардың орындалуының міндеттілігі баяндалды.
Талғат Утемисов келісім комиссиялары жұмысының практикалық қырларына тоқталып, еңбек дауларының жиі кездесетін санаттарын, хаттамалар мен шешімдерді ресімдеу мәселелерін, сондай-ақ дау реттелмеген жағдайда сотқа жүгіну тәртібін түсіндірді.
Семинар кәсіби диалог форматында өтті. Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.






Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!