БАСТЫ МӘСЕЛЕ ТӨҢІРЕГІНДЕ ӘҢГІМЕ: ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қостанай ауданында Тобыл қаласындағы №2 мектебінің ұжымымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Іс-шараға «Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшесі Ирина Петровна Аронова қатысты.
Өз сөзінде ол конституциялық реформаны ең алдымен еңбек адамының мүддесі тұрғысынан қарастыру қажеттігін атап өтті.
«Еңбек кодексі — өзгертуге болатын ережелер жиынтығы. Ал Конституция — сол ережелердің негізін қалайтын іргетас. Бүгін мемлекетінің әлеуметтік жауапкершілігі мен еңбек адамының қорғалуы мызғымас құндылықтарға айналуы маңызды», — деді Ирина Петровна.
Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, адам құқықтарының басымдығын бекітеді. Еңбек ету құқығы мемлекет тарапынан лайықты, қауіпсіз және әділ еңбекақы төленетін жұмысқа жағдай жасау міндетімен тығыз байланыста қарастырылады. Мұндай тәсіл еңбекті лайықты өмірдің негізі ретінде тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Ирина Аронова референдум әлеуметтік әділеттілік пен мемлекеттің жауапкершілік қағидаттарын ең жоғары құқықтық деңгейде бекітуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл еңбек құқықтарын қорғау мен әлеуметтік әріптестікті дамытуға берік құқықтық негіз қалыптастырады.
«Ынтымақ — бұл тек жұмыс орнындағы әріптестерді қолдау ғана емес, сонымен қатар елдің қалай өмір сүріп, қалай еңбек ететінін айқындайтын қағидаларды қалыптастыруға қатысу. Референдумға қатысу — еңбек құқықтарының кепілдіктерін нығайтуға жасалған қадам», — деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, ешбір конституциялық норма өздігінен жүзеге аспайтыны айтылды — оның орындалуы кейінгі заңнамаға, құқық қолдану тәжірибесіне және қоғамның белсенді ұстанымына байланысты.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсынылып отырған өзгерістердің практикалық маңызын талқылады. Өңірдегі еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.




Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!