«ЕҢБЕК ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ» — НЕ ӨЗГЕРДІ?
Жаңа Конституция жобасында «еңбек ету бостандығы» деген тұжырымның орнына «еңбек ету құқығы» бекітіледі.
Еңбек ету құқығы — бұдан да ауқымды ұғым. Бұл мемлекеттің жұмыспен қамтуға жағдай жасау міндетін білдіреді: жұмысқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; жұмыспен қамту саясатын жүргізу; кемсітушіліктің алдын алу; кәсіби оқытуды қолдау.
Дәл «еңбек ету құқығы» деген тұжырым Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт құжатында бекітілген.
Бұл әлеуметтік кепілдікті күшейтеді және азаматтарды жұмыспен қамту үшін мемлекеттің жауапкершілігін айқындай түседі.
Еңбек ету құқығы — бұл тек мамандықты еркін таңдау ғана емес. Бұл — шынайы түрде еңбек ету мүмкіндігі: мамандық таңдау, қызмет саласын өзгерту, білім алу және қайта даярлаудан өту, жұмысқа орналасу кезінде қолдау алу.
Бұл — адамның еңбек әлеуетін жүзеге асыруы үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде және қажетті жағдайлар жасауда мемлекеттің белсенді рөл атқаруы.

Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!