КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕР ҚР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
«Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Қостанай облыстық ұйымы» филиалының төрағасы Хайдар Жабықбаевич Камбаров «Қостанай Минералдары» АҚ кәсіпорнының кәсіподақ белсенділерімен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өткізді.
Кездесу барысында әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың ел басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған жоба ережелерінің негізгі тұстары түсіндірілді. Еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты және еңбек ұжымдарын жан-жақты ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Хайдар Камбаров кәсіподақ мүшелері мен кәсіпорын қызметкерлерін жалпыұлттық референдумға белсенді қатысуға шақырып, ел болашағы әр азаматтың азаматтық ұстанымына байланысты екенін атап өтті.


Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!