КӘСІПОДАҚТАР ҮЙІНДЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылғы 19 наурызда Кәсіподақтар үйінде Қостанай облысының «Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Ирина Аронованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, аумақтық атқарушы билік органдарының өкілдері, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі қатысты.
Отырыс барысында комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, негізгі мәселелер қаралды: облыс кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттану деңгейі мен жалақы бойынша берешек жағдайы, халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту және Әлеуметтік кодекс нормаларының сақталуы.
Еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтау жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды уақытылы және толық төлеудің маңыздылығы атап өтілді, өйткені бұл қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы деңгейіне тікелей әсер етеді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары айқындалды.

Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!