НЕКЕ – ЕР МЕН ӘЙЕЛДІҢ ОДАҒЫ: ЖАҢА НОРМА НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
Конституцияның жаңа редакциясында неке – заңға сәйкес мемлекетте тіркелетін ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы екені туралы норма бекітіледі. Бұл норма отбасылық қатынастардың негізгі қағидаттарын айқындап, некенің конституциялық тұрғыдағы базалық түсінігін бекітеді.
Еріктілік – неке тек ер мен әйелдің өзара келісімі негізінде ғана қиылатынын білдіреді. Отбасын құру – бұл ерікті әрі саналы түрде қабылданатын шешім.
Ерлі-зайыптылардың тең құқылығы – күйеуі мен әйелі отбасында тең құқықтар мен міндеттерге ие екенін білдіреді. Олар шешімдерді бірге қабылдап, отбасының әл-ауқаты мен балаларды тәрбиелеу үшін ортақ жауапкершілік атқарады.
Некені мемлекеттік тіркеу отбасының құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Ол ерлі-зайыптылардың құқықтарын бекітіп, балалардың мүдделерін қорғайды және отбасылық қатынастардың заң жүзінде қорғалуына мүмкіндік береді.
Бұл норманың Конституцияда бекітілуі отбасының, ана мен әкенің және баланың маңыздылығын айқындай отырып, отбасылық құндылықтарды мемлекеттік деңгейде қолдауды күшейтеді.
Мықты отбасы – тұрақты қоғам мен ел болашағының негізі.
15 наурызда жалпыхалықтық референдум өтеді. Әрбір дауыс маңызды. Дауыс беруге қатысыңыз!

Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!