ӘР АЗАМАТТЫҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ: ҚОСТАНАЙ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қостанай облыстық филиалының төрайымы Татьяна Булгацевич Қостанай қаласындағы медициналық ұйымдардың ұжымдарымен жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын және алдағы референдумды талқылауға арналған бірқатар кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында медицина қызметкерлерімен ашық диалог ұйымдастырылып, қатысушылар Конституция жобасының негізгі нормаларымен танысып, өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Әсіресе ел дамуының негізгі бағыттарына, әділеттілік пен құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қостанай қаласындағы КМК «№2 емхана» базасында Конституция жобасының мәтіні ұсынылған ақпараттық алаң ұйымдастырылып, онда әрбір ниет білдіруші құжатпен жан-жақты танысып, өз ұсыныстарын жолдап, алдағы референдум туралы қосымша ақпарат ала алды.
Татьяна Булгацевич азаматтық белсенділіктің маңыздылығын атап өтіп, референдум әрбір азаматқа елдің болашағына тікелей ықпал етуге мүмкіндік беретінін айтты.
«Маңыздысы — тек келіп дауыс беру ғана емес, өз пікіріңді саналы түрде білдіру. Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты», — деп атап өтті ол.


Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!