ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – БІЗДІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМІМІЗ

15 наурызда біз елдегі әлеуметтік саясат пен еңбек қорғау саласының болашағын айқындайтын шешім қабылдаймыз. Жаңа Конституция бойынша референдум — бұл жай ғана формалдық рәсім емес, мемлекет пен азаматтар арасындағы жаңартылған қоғамдық келісімді қабылдау.
Еңбек адамы үшін Конституция — тек құқықтық құжат қана емес. Бұл оның құқықтары, қауіпсіздігі және лайықты еңбекақысы мемлекеттің басым бағыты ретінде танылуының кепілі. Негізгі заңда мемлекеттің әлеуметтік сипатын, әділдік қағидаттарын және еңбек құқықтарын қорғауды бекіту қызметкерлер мен кәсіподақтардың әлеуметтік кепілдіктер мен лайықты еңбек жағдайлары мәселесіндегі ұстанымдарын нығайтады.
Құқықтық нормалар қоғамның белсенді азаматтық ұстанымы болғанда ғана нақты күшке ие болады. Референдумға қатысу — бұл еліміздің болашағы үшін және қабылданған қағидаттардың сақталуы үшін жауапкершілігіміздің көрінісі.
Кәсіподақ қозғалысы әрдайым ынтымаққа негізделген. Бүгінгі ынтымақ — бұл өміріміз бен еңбегіміздің ережелерін айқындайтын шешімдерге белсенді қатысу. Біздің дауысымыз — мемлекеттің әділ әрі орнықты даму негіздерін қалыптастыруға қосқан үлес.
Жаңа Конституция — біздің қоғамдық келісіміміз. 15 наурызда азаматтық жауапкершілік танытып, референдумға қатысайық.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *