ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — БІЗДІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМІМІЗ

15 наурыз күні біз еліміздегі әлеуметтік саясаттың әрі қарай дамуына және еңбек қорғау жүйесіне әсер ететін маңызды шешім қабылдаймыз. Жаңа Конституция бойынша өтетін референдум — мемлекет пен қоғам арасындағы қоғамдық келісімді жаңартуға бағытталған қадам.
Еңбек адамы үшін Конституция — жай ғана заңдық құжат емес. Ол еңбек құқықтарының кепілі, жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің және әділ еңбекақының негізі. Негізгі заңда мемлекеттің әлеуметтік сипатын және еңбек құқықтарын қорғау қағидаларын бекіту әлеуметтік кепілдіктер жүйесін нығайтып, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде кәсіподақтардың рөлін күшейтеді.
Алайда заң нормалары қоғамның белсенді азаматтық ұстанымы болғанда ғана нақты күшке ие болады. Кәсіподақ қозғалысы әрдайым ынтымаққа және ортақ болашақ үшін жауапкершілікке сүйеніп келеді.
15 наурыз күні азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысу маңызды. Біздің дауысымыз — мемлекеттің әділ әрі тұрақты дамуының негізін қалыптастыруға қосқан үлесіміз.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *