ЖЕР МЕН ЖЕР ҚОЙНАУЫ ХАЛЫҚҚА ТИЕСІЛІ — БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Конституцияда маңызды қағида бекітілген: жер және табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Бұл меншік құқығының негізгі иесі – бүкіл ел халқы дегенді білдіреді.
Миллиондаған азамат табиғи ресурстарды тікелей басқара алмайтындықтан, бұл құқықты халықтың атынан мемлекет жүзеге асырады. Мемлекет жерді иелену мен пайдаланудың ережелерін белгілейді, оны беру шарттарын анықтайды және ұлттық мүдделердің сақталуын бақылап отырады.
Сонымен қатар Конституцияда мемлекеттің аумағының бөлінбейтіндігі және аумақтық тұтастығы да бекітілген.
Яғни елдің табиғи ресурстары халықтың мүддесі үшін, экономиканың дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында пайдаланылуы тиіс.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *