ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ – БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ
Еңбек қауіпсіздігі — бұл формалдылық та, жай ғана нұсқаулық талаптары да емес. Бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына деген шынайы қамқорлық, кәсіпорындардың тұрақты жұмысының негізі және ертеңгі күнге деген сенім.
«Темір» дивизионында өткен айдағы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жұмыс қорытындыланды. Макро-рейтинг нәтижесі бойынша көшбасшылар қатарына бұрғылау-жару жұмыстары цехы, теміржол және құрылыс-монтаж цехтары енді. Бұл ұжымдар жауапкершіліктің, тәртіптің және қауіпсіз еңбек мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетті.
ССКӨБ-тің БЖЖЦ ұжымы Артем Коротичтің жетекшілігімен ерекше атап өтілді. Еңбекті қорғау комитетінің отырысында дивизион басшысы Сергей Кузьменко қызметкерлерге «Қауіпсіздік белдігі» атты айрықша белгі табыс етті. Бұл тек марапат емес, әріптестердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған күнделікті еңбектің мойындалуы.
Кәсіподақ еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Шын мәнінде қауіпсіз өндірістік ортаны тек қызметкерлердің, жұмыс берушінің және кәсіподақтың бірлескен күшімен ғана қалыптастыруға болады.
Қауіпсіздік деңгейін арттыру жұмыстары жалғасуда. Әрбір қызметкер еңбекті қорғау мәселелеріне бейжай қарауға болмайтынын түсінуі маңызды. Әркімнің жеке жауапкершілігі – ортақ болашақтың кепілі. Ол – қауіпсіз, тұрақты және лайықты болашақ.


Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!