«Лайықты еңбегі үшін»

Жыл сайын 7 қазанда Халықаралық еңбек ұйымы «әділ жұмыс орындары» ұранымен өтетін лайықты еңбек үшін Дүниежүзілік іс-қимыл күнін өткізеді.

«Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы» АҚБ төрайымы И.П. Аронова «Ақпарат, коммуникациялар және байланыс жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының төрайымы Н.В. Ефимовамен бірлесіп, жұмыс орындарында Тобыл қаласы Қостанай аудандық пошта байланысы торабының ұжымымен кездесті. «Қазпочта» АҚ Қостанай ауданының барлық аумағы бойынша пошталық және қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынады.

Көшпелі кездесуде «Қазпочта» АҚ ҚОФ директоры Жәнібек Талтеков кәсіпорындағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру, Ұжымдық шарт талаптарының орындалуы, кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы айтып берді. Өз кезегінде Қостанай аудандық пошта байланыс торабының бастығы Ғали Естенов пандемия кезінде де еңбекті қорғау саласында қалыптасқан қоғамдық бақылаудың арқасында пошта қызметкерлері пошта байланысы қызметтерін көрсеткенін атап өтті.

Компания модернизациялау мен жоғары сапалы қызмет көрсетуге көшу үндерісімен белсенді түрде айналысады, бұл қызмет көрсетуді жақсартуды ғана емес, сонымен қатар пошта желісін техникалық, ақпараттық жаңартуды білдіреді. Еңбек адамына қамқорлық жасау әрқашан кәсіподақтар жұмысындағы басты басымдық болып келді және болып қала береді. Әр адам қолдауды қажет етеді, барлығына болашаққа деген сенім, жұмыс орнын сақтау және лайықты жалақы қажет.

Кәсіподақ орталығының төрайымы Ирина Аронова ұжымды биылғы Президент Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті, әлеуметтік әріптестік үшін басшылыққа алғысын білдірді, келе жатқан кәсіби мерекемен – пошта байланысы күнімен және Қазақстанның кәсіптік одақтары күнімен құттықтады. Сіз білмеген қызықты фактілер — Қазпочта қызметкерлері күніне 120 000 посылканы өңдейді — Бүгінгі таңда Қазпочтаға 26 жыл — Ширек ғасыр ішінде Қазпоштаның пошташылары 3.6 миллиард шақырым жолды жүріп өтті

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *