Кәсіподақтар үйінде күн мен түннің теңесу күні атап өтілді.

Қостанай кәсіподақтар үйінің ғимаратында қонақтарға арналған ұлттық тағамдармен мерекелік үстел ұйымдастырылды. Бүгін Наурыз мейрамы жаңа ерекше мәнге ие болады, ол Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін ұлтына және діни сеніміне қарамастан, дәстүрлі мейрам ретінде тойланып келеді. Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр. Оның адамдар арасындағы достықты нығайтудағы, дәстүрлерді жаңартудағы рөлі зор.
Осы мереке күні мықты денсаулық, амандық, жақсылық және бақыт тілей отырып, облыстың аумақтық құрылымдарының төрағаларына және қонақтарға Кәсіптік орталықтың төрайымы Ирина Аронова сөз сөйледі.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ҚОФ төрағасы Татьяна Булгацевич «SENIM» республикалық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне қосқан ерекше үлесі үшін кәсіподақ орталығының төрайымы Ирина Ароноваға марапатты табыс етті.
Құттықтаймыз!!!
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *