Кәсіподақтың күн тәртібі

«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облысы бойынша филиалының атқару комитетінің кеңейтілген отырысында кәсіподақ ұйымының 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және 2022 жылға арналған даму перспективалары қаралды. Отырыста өткен жылдың статистикалық және қаржы есептері, филиалдың 2022 жылға арналған іс-шаралар мен бюджет бекітілді.
Атқару комитетінің жұмысына бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Отырыс жұмысын Салалық кәсіподақ филиалының төрайымы Зәуре Жұмабекова ашты. Оның ақпараты бойынша кәсіподақтардың азаматтық қоғамдағы рөлін арттыру, кәсіподақ мүшелігін ынталандыру, сондай-ақ кәсіподақтарды нығайту бойынша жұмыс филиал қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Атқару комитетінің филиал санын арттыру бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүргізілді, ұжымдармен кездесулер ұйымдастырылды, кәсіподақ мүшелігінің тартымдылығының негізгі қағидаттары түсіндірілді. 2021 жыл ішінде 200 адамнан аса саны бар 4 жаңа кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Есепті кезең ішінде Филиал кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша ауқымды жұмыс атқарған. 49 келісу комиссиясы жұмыс істеді, онда 12 жеке еңбек дауы қаралды. Осы комиссиялардың жұмыстары аясында 24-тен аса қызметкерге құқықтық көмек көрсетілді.
Отырыста бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын қайта сайлау туралы хаттамалар бекітілді: «Москалевское» ЖШС төрағасы болып Ермек Хайрулла, Сарыкөл ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ төрайымы болып Сәуле Оңғарбаева, «Қостанай қаласының ветеринариялық станциясы» КМК төрайымы болып Гүлмира Дүйсебекова сайланды.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *