Өндірістік жарақаттану жағдайлары болған кәсіпорындардың басшыларын тыңдау
Биылғы жылдың 29 наурызында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста екі мәселе қаралды:
1) Қостанай қаласында өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы;
2) Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөнінде жүргізілетін жұмыс туралы.
Комиссияға өндірістік жарақаттану жағдайлары болған кәсіпорындардың басшылары шақырылды және тыңдалды.
Жалпы, 2021 жылы Қостанай қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында 51 жазатайым оқиға орын алды. 2020 жылмен салыстырғанда жазатайым оқиғалар саны 22 фактіге немесе 43,1 %-ға төмендеді (2020 жылы – 73 оқиға). Зардап шеккендердің саны да 74-тен 53 қызметкерге азайды. Өліммен аяқталған 2 жазатайым оқиға орын алды (2020 жылы – 5 жағдай).
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері қалалық үшжақты комиссияда жүйелі түрде қаралады. Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында жұмыс берушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!