Жалақы бойынша берешек мәселелері қалалық үшжақты комиссия отырысында қаралды
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды әлеуметтік әріптестік жылы деп жариялады. Бұл бағыттың тиімді форматтарының бірі құрамына атқарушы органдардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері кіретін, мүдделерін облыстық кәсіподақтар бірлестігі мен салалық және жергілікті кәсіподақтар білдіретін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия болып табылады.
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне Қостанай қаласы кәсіпорындарының жалақы бойынша берешек мәселесі және білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және заңсыз жұмыспен қамтылу бөлігінде еңбек заңнамасын сақтау мәселелері енгізілді.
Бүгінде 2 кәсіпорынның 146 қызметкер алдында 18,2 млн. теңге сомасында жалақы бойынша берешегі бар. Жалақы бойынша берешегі бар қала кәсіпорындары басшыларының есептері тыңдалды. Отырыс нәтижесі бойынша кәсіпорындардың басшыларына тапсырмалар берілді және жалақы берешегін өтеу мерзімдері белгіленді.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!