«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» ҚРКФ басшылығы «ЖИТИКАРАКОММУНЭНЕРГО» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті
Бүгін, 2022 жылғы 17 мамырда «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акция аясында Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеевтің «ЖИТИКАРАКОММУНЭНЕРГО» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен онлайн-кездесуі өтті.
Кездесуге қатысушыларды құттықтай отырып, Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының төрайымы Ирина Аронова бұл Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы басшылығының қатысуымен өткен 6-шы кездесу екенін атап өтті. «ЖИТИКАРАКОММУНЭНЕРГО» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымы өз қатарында кәсіподақтың 405 жұмыс істейтін мүшелерін немесе барлық қызметкерлердің 86% біріктіретін Жітіқара қаласындағы ең ірі кәсіподақ ұйымдарының бірі болып табылады.
«ЖИТИКАРАКОММУНЭНЕРГО» КМК директоры Мырзабай Ерекенов хабарлағандай, кәсіпорынды толғандыратын негізгі мәселе жалақының төмендігі. Бүгінгі күні орташа жалақы 119 517 теңгені құрайды, ал 2022 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша 121 331 теңге.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы Надежда Долгиер хабарлады. Оның айтуынша, кәсіпорында әлеуметтік даму және қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері бағдарламасы жұмыс істейді. Осы бағдарламаға сәйкес жұмыс беруші мен кәсіподақ бес және одан да көп жыл жұмыс істеген кәсіпорын қызметкерлеріне біржолғы материалдық немесе қайырымдылық көмек көрсетеді. Өткен жылы бұл төлемдер жұмыс беруші қаражатынан 4 429 905 теңгені және кәсіподақ комитеті қаражатынан 2 462 325 теңгені құрады. Кәсіпорында еңбекті қорғауды жоғары ұйымдастыру бар. Соңғы 5 жыл ішінде өндірісте жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.
«Қостанай облысының тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Хайдар Қамбаровтың ақпараты бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселелері шешілуі қиын басым бағыттардың бірі болып қала береді және Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде қарауды талап етеді.
Кездесу барысында құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Кусеин Есенғазин кәсіподақ көшбасшыларына жемісті жұмысы, қызметкерлердің мүдделерін қорғауға және облыста әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.
Кездесуді Кәсіподақтар федерациясының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев қорытындылады. Ол ҚРКФ қызметінің негізгі бағыттары, COVID — 19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыстан шығу бойынша халықаралық диалогты, пікір алмасуды және кәсіподақтардың елдік тәжірибесін дамыту мақсатында Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық конференцияны өткізу туралы айтып берді.
Кездесу соңында Ирина Аронова тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы жалақының аздығынан кадрлардың тұрақсыздығы мен тапшылығына ұшырайтынына назар аударды. Көптеген қызметкерлердің жалақысы адам еңбегінің нақты құнына жауап бермейді, жұмыс күшінің көбеюін қамтамасыз етпейді және олардың отбасыларының өмірін қамтамасыз етудің нақты шығындарын өтемейді. Мұның бәрі әлеуметтік шиеленісті тудырады.
Осыған байланысты Үкімет өкілдерін шақыра отырып, Салалар күндерін өткізу туралы ұсыныс жасады, онда проблемалық мәселелер айтылып, шешілетін болады.
Сондай-ақ, ол ұжым қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізілетін алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!