Елдің тағдыры біздің қолымызда

Қостанай облыстық кәсіподақтар орталығы облыстың еңбек ұжымдарымен референдумды қолдау бойынша кездесулер өткізуді жалғастыруда.
Бүгін Қостанай облысының кәсіподақ орталығының төрайымы Ирина Аронова Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша Рудный қаласындағы «Трансремвагон» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында ол әрбір қазақстандық үшін алдағы конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті. Кәсіподақ орталығының төрайымы өз сөзінде еліміздің қолданыстағы Ата заңына ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндірді.
«Президенттің өкілеттігі қысқартылады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі едәуір күшейтіледі, азаматтардың шешімдер қабылдауға қатысуы айтарлықтай кеңейтіледі және құқық қорғау саласы нығайтылады. Реформалар атқарушы органдар басшыларының өкілді билік пен жергілікті қоғамдастықпен байланысын күшейтеді. Әрқайсымыздың өмір сүру сапасын жақсарту бұл бәріміздің ортақ мақсатымыз» — деді Ирина Аронова.
Өз кезегінде, «Тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы «Қазақ кәсіподақ металл» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық ұйымы» филиалының төрағасы Михаил Литошенко кәсіпорын ұжымын тарихи маңызы бар оқиғаға қатысуға және азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды.
Кездесудің қатысушылары алда болатын республикалық референдумды қолдады.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *