Кәсіподақ көмек көрсетті
Жалпы, адамдар қайғыға қарсы бірігеді. Сондықтан кәсіподақ ұйымдары да шетте қалмады. Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы «Қазпошта» АҚ ахуалдық орталығының бастығы Динара Есқатованың тағдырына бей-жай қарай алмады, өрттен зардап шеккен отбасына қажетті төсек-орын жабдықтарын тапсырды.
«Өрт — бұл үлкен қасірет және мұндай қайғы-қасіретті жалғыз өзің жеңе алмайсың. Кәсіподаққа көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысымды білдіремін», — деді Динара Есқатова.
9 мамырда Набережная көшесінде болған өрт салдарынан 10-нан астам үй, төрт автокөлік пен тұрғындардың мүлкі өртенген. Өрт бастапқыда қаланың шетіндегі Тобыл өзенінің бойындағы қамыс қопасында пайда болды, содан кейін тұрғын үй секторына тарады. Отбасылар баспанасыз ғана емес, сонымен қатар киімсіз, тұрмыстық техникасыз және т. б. қалды.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!