Референдум. Конституцияға енгізілетін түзетулер жөнінде нені білу қажет

Қостанай облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ағымдағы жылғы18 мамырда Қостанай облысының Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің Қарасу ауданындағы жергілікті кәсіподақ филиалының төрайымы Шолпан Рахымбекова Амангелді және Герцен мектептерінің еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесуге 100-ден астам кәсіподақ мүшелері қатысты.
Талқылау барысында ұсынылып отырған конституциялық түзетулер мен келесі мазмұндағы толықтыруларға ерекше назар аударылды:
1) Президент лауазымына байланысты шектеулер (Президенттің жақын туыстары үшін саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды атқаруға шектеу; Президенттің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуына шектеу қою; Президенттің өңірлер әкімдерінің актілерінің күшін жою және тоқтата тұру, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерін босату құқығы алынып тасталады);
2) жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау;
3) өлім жазасын жою;
4) Мәжіліс алдында жылына екі рет республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беретін Жоғары аудиторлық палата құру;
5) құқық қорғау институтарын күшейту және т.б.
5 маусымда Республиканың барлық аумағында өтетін референдумға 1 мәселе — Конституцияға түзетулер қабылдау мәселесі шығарылады. Егер өңірлердегі халықтың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) кемінде 2/3 дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы «жақтап» дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Егер аталмыш көрсеткішке қол жеткізілмесе, онда түзетулер қабылданбады деп есептеледі.
Осыған байланысты Конституцияға енгізілетін түзетулерді қабылдау толығымен халықтың еркіне байланысты болады. Берілген бірегей мүмкіндікті пайдаланып, кәсіподақ мүшелерін ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға шақырды
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *