Референдум — мемлекеттің жаңа серпіні

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының көшбасшылары референдумды өткізу тәртібін түсіндіріп, еліміздің Ата Заңына енгізілетін түзетулер мен өзгерістерді талқылай отырып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуді жалғастыруда.

«Қостанай балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Анна Дидик орталық ұжымымен кездесіп, негізгі заңға енгізілетін барлық өзгерістерді талқылады. Алдағы референдум көбінесе еліміздің, халқымыздың болашағын айқындайтынын түсіну керек.

«Біз, балалар орталығының ұжымы, Мемлекет басшысы жаңа Қазақстанның қалыптасуына оң өзгерістер мен реформалар үшін ұсынған өзгерістерді қолдауға дайынбыз және бұл біздің әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз деп санаймыз.

Сондықтан кәсіподақтың барлық мүшелерін, олардың отбасы мүшелерін, еліміздің әрбір азаматын референдумға қатысуға шақырамыз», — деп атап өтті төрайым.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *