Өзгерістерді күтудеміз
Референдум демократиялық түрлендірудің негізгі элементі. Республикалық референдумды өткізу «Еститін мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі.
«Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облысы бойынша филиалының іс-шаралары шеңберінде еңбек ұжымдарында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтіп жатыр. Мұндай кездесулер «Ұзынкөл, Әулиекөл аудандарының, Арқалық қаласының ветеринариялық станциясы» МКК-да, Қостанай ауданының «Шеминовка» ЖШС-де, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК МИК Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-де өтті.
Кәсіподақ мүшелері, ауыл шаруашылығы қызметкерлері әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша маңызды өзгерістерді күтуде.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!