Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды кезең

«Сосновый бор» шипажайы» ЖШС ұжымында «Қостанай облысының кәсіпкерлік қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ мүшелерімен еліміздің Ата заңына түзетулерді түсіндіру және талқылау бойынша кездесу өтті.
Облыстық мәслихаттың депутаты, шипажайдың бас дәрігері Айгүл Мырзабекова Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. Кездесу барысында қатысушылар конституциялық реформа әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін қорғауға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуге бағытталғанына назар аударды. Еңбек ұжымының өкілдері өзгерістерді белсенді талқылады. Оларды ұсынылған Конституция жобасының көптеген ережелері толғандырады.
18 жасқа толған азаматтар елдің Ата Заңына өзгеріс енгізуге немесе оған қарсы дауыс бере алады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыхалықтық дауыс беру күнін 2022 жылдың 5 маусымына белгіледі.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *