Ел тарихындағы жаңа белес

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясында ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Бұл ағымдағы жылдың басты саяси жаңалықтарының бірі әрі Қазақстан халқы үшін тарихи шешім қабылдайтын сәт.
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері арасында референдумға байланысты «Ел тарихындағы жаңа белес» такырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Шара барысында референдумның маңызы мен мақсаты, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы сөз болды.
Іс-шарада қаладағы референдумға байланысты құрылған белсенді топтың мүшесі Дархан Амантайұлы, кітапхана басшысы Қазына Байсабекқызы мен кітапхана қызметкері Алмагүл Әдімәнқызы сөз сөйлеп, көпшілікті өз азаматтық мүмкіндіктерін пайдалануға үндеді.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *