Жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды
2022 жылдың сәуір айында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрайымы Татьяна Булгацевичтің «Қостанай облысы Полиция департаментінің емханасы бар госпиталі» ММ еңбек ұжымымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуде Татьяна Булгацевич қатысушыларды кәсіподақ филиалының жұмысымен таныстырды, өткізіліп жатқан іс-шаралар, жарақаттанушылықтың алдын алу бойынша іске асырылатын жобалар, еңбек жанжалын алдын алу және шешу бойынша шаралар туралы айтып берді. Толғандырған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша бастапқы кәсіподақ ұйымын құру және «SENIM» кәсіподақ филиалының құрамына мүше ұйым ретінде кіру туралы шешім қабылданды. Бақыт Борсықбайқызы Сатымова кәсіподақ көшбасшысы болып сайланды.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!