Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір дамудың даңғыл жолына бет бұрған мемлекеттің тірегі – билік пен халық арасындағы алтын көпір саналатын мемлекеттік қызметші.

«Билігі мықты елдің тірлігі құтты болады» деген дәйекті сөздің мағынасын терең түсіне білген әр мемлекеттік қызметші өзіне артылған зор жауапкершілікті сезінеді.

Ұлттың мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, мәртебелі міндет. Сіздердің іскерлік қасиеттеріңіз, жауапкершілігі жоғары қызметтеріңіз ел дамуының тиімді стратегиясын құруға, болашаққа жоспар құруға мүмкіндік береді.

Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *