Мәміле — келісу комиссиялары
2022 жылдың 20 маусымында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі базасында теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қостанай филиалының келісу комиссияларының мүшелері оқытылды.
ҚР ЕК 159-бабының 8-тармағына сәйкес келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайын оқудан өтуге міндетті.
Семинар дәріскері — «DA education» ЖШС бизнес-жаттықтырушыс Әсет Дәуітов болды, ол теміржолшыларды келісім комиссияларының жұмысы аясында жұмыс беруші мен жұмыскерлердің аспектілерімен таныстырды. Сондай — ақ ол еңбек дауларының себептері және оларды шешу кезінде қандай нормативтік құқықтық актілерді қолдану керектігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Көптеген даулы мәселелер жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы диалог деңгейінде келісім комиссияларынсыз шешуге болады. Егер олар бір-бірін тыңдаса, онда әрқашан бір мәмілеге келуге болады. Бірақ, егер ол мүмкін болмаса, онда келісу комиссиясына, ал кейіннен мәмілеге келместен сот органдарына жүгінуге ғана тура келеді», – деді Әсет Дәуітов.
Семинар соңында келісу комиссиясының 32 мүшесі — теміржол көлігі қызметкерлері сертификаттарға ие болды.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!