Қостанай қаласының үшжақты комиссиясында жұмыс істейтін халықтың табысын арттыру мәселелері қаралды

2022 жылғы 30 маусымда Қостанай қаласының әкімі М. Қ. Жүндібаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасында лайықты еңбек қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ету, нақты жалақы деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін іске асыру, кіріс саясатын жетілдіру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру Қостанай облысының әкімдігі, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Қостанай облысында кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу қауымдастығы арасындағы үшжақты келісімнің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Биылғы жылы облыс орталығының 28 ірі кәсіпорны өз қызметкерлерінің жалақысын көтерді, тағы екі кәсіпорында оны арттыру жоспарлануда.
Атап айтқанда:
12 кәсіпорын 1% – дан 10% — ға дейін жалақыны көтерді;
11 кәсіпорын 11% – дан 20% — ға дейін;
3 кәсіпорын 21% — дан 30% — ға дейін;
3 кәсіпорын жалақыны 31% және одан жоғары көтерді.
Сонымен қатар, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Ирина Аронова комиссия отырысында сөйлеген сөзінде әлеуметтік әріптестердің назарын ұжымдық шарт пен олардың еңбекақы төлеуді реттеудегі рөлін арттыру бойынша келісімдер жасасудың маңыздылығына, сондай — ақ лауазымдық айлықақылар үлесін, қызметкерлердің жалақы құрылымындағы мөлшерлемелерді арттыруға аударды.
«Кәсіподақтар үшін еңбекақы төлеу саясатын іске асырудың маңызды құралы өңірлік келісімдер, ұжымдық шарттар және ұжымдық келіссөздерді нығайту болып табылады. Жалақыны көтеру мәселелерінде өз мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге кәсіподақ ұйымдарын құрып, ұжымдық шарттар жасасуды ұсынамыз» — деп атап өтті Ирина Аронова.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *