Кәсіподақпен жазғы демалыс

«Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ жұмысының басым бағыттарының бірі кәсіподақ мүшелерін – жұмыскерлерді сауықтыру болып табылады.
Кәсіподақ мүшелерін сауықтыруды барынша тиімді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының шипажайлық-курорттық аймақтарының ресурстық әлеуетін зерттеу мақсатында ҚР Кәсіподақтар федерациясы шипажайлар бойынша онлайн — инфотурының жаңа жобасын іске қосты, онда ұсынылғандардың ішінен созылмалы ауруларды емдеуге маманданған шипажайлар таңдалды.
Кәсіподақ мүшелерін санаторлық емдеу мен сауықтыруға деген жоғары қажеттілікті ескере отырып, ағымдағы жылы Алматы қ. «Көктем», Орал қ. «Ақжайық», Шымкент қ. «Щучинск» (Щучинск Бурабай), «Салма-караван Сарыағаш» санаторийлерімен шарттар жасалды.
Сонымен қатар, 170 адамға Түркістан қаласына туристік тур ұйымдастырылды.
Жыл басынан бері облыстың 647 білім беру қызметкері шипажайларға жеңілдік кәсіподақ жолдамасы бойынша шипажайлық-курорттық ем алды, жыл соңына дейін тағы 173 кәсіподақ мүшесін қамту жоспарланып отыр.
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *