Құқықтық сауаттылықты арттырамыз
«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облысы бойынша филиалы жұмысының негізгі бағыттарының бірі кәсіподақ активін оқыту болып табылады.
Осы жылдың 19 тамызында 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Кәсіподақтар үйінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіпорындардың бас бухгалтерлері үшін оқыту семинары өткізілді.
Семинар жұмысына Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының қызметкерлері қатысты.
Семинардың күн тәртібіне Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер, сондай-ақ «сақтандырылған» мәртебесін алу тәртібі жөніндегі мәселелер енгізілді.
Талқылау барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша қатысушылар семинар ұйымдастырушылары мен дәріскерлерге алғыс білдірді.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!