Құрметті әріптестер, білім беру саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Білімді ұрпақ – ұлт болашағы десек, білім беруді дамыту мәселесі қоғам мен мемлекетті өркендетудің жарқын жолы.
Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады.
Елімізде білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу жолында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып, жаңашыл бастамалар мен іргелі ізденістер қолға алынуда.
Еңбектің ең үлкені – білім екені сөзсіз. Келешегімізді кемелді етіп, жарқын болашақты мұрат еткен Қазақстанның өсіп-өркендеуінде білім саласы қызметкерлерінің үлесі зор.
Сіздерге ел игілігі жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин
0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *