Кәсіподақ мәдени ұйымдары әділ еңбекақы үшін

Дүниежүзілік лайықты еңбегі үшін іс-қимыл күні аясында «Қазақстандық салалық мәдениет, байланыс, туризм және ақпарат одағы» ҚБ «Әділ еңбекақы» қамқорлығымен өз бастауыштарында «Лайықты жұмыс – лайықты төлем», «Әділ еңбекақы», «Мамандардың кәсіби қызметін бағалаудың әділ жүйесі» тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізді, онда мәдениет ұйымдарының бухгалтерлері жалақыны есептеу, салық салу, жалақыға үстемеақы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ, өткізу барысында қызметкерлердің құқықтарын, лайықты еңбек жағдайларын сақтау бойынша еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді, еңбек қатынастары мәселелері талқыланды. «Лайықты және қауіпсіз еңбек – әр адамның құқығы»еңбекақы төлеу жүйесі шеңберінде заңнаманы сақтау мәселесі бойынша қызметкерлермен әңгіме жүргізді.

«Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихының облыстық мұражайы» КММ-де «Лайықты еңбек — әр қызметкердің құқығы» акциясы ұйымдастырылды, оған тексеру комиссиясының қызметкері, кәсіподақ комитетінің мүшелері қатысты.

Жұмысшылардың еңбек жағдайларының еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында жұмыс орындары мен басқа да үй-жайларға мониторинг жүргізілді.

Бұл күн жұмысшылар мен кәсіподақтарға қызметкерлердің лайықты еңбек жағдайлары мен жалақыға құқықтарын қорғау, кедейлікті жою және өмір сүру деңгейін арттыру, кемсітушіліктің кез келген түріне, теңсіздікке қарсы жалпы талаптар мен ұрандармен сөйлеуге бірегей мүмкіндік берді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *