Жастарға көмек

«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ қоғамдық қабылдау бөлмесіне ЖОО-лардың бірінің 1 курс студенті Асанәлі жатақханадан бөлме беруге көмек сұрап жүгінді.

ЖОО-ға түскен сәттен бастап орындардың жоқтығын сылтауратып, оған бөлме берілген жоқ.

Бұл студент жатақханаға мұқтаж санатқа жатады, өйткені оны вахталық әдіспен жұмыс істейтін әкесі ғана тәрбиелейді.

Қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Дүйсемби Қарабаев көмек алу үшін жатақхана басшылығына жүгінді.

Қысқа мерзімде мәселе шешілді. Асанәліге жатақханада барлық тұрмыстық жағдайлары жасалған екі адамдық орны бар бөлме берілді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *