«Еңбек адамы»

Виктор Михайлович Качуровский «Қостанай минералдары» АҚ Тау-кен көлік кешенінің тау-кен көлік жабдықтарын жөндеу цехының жылжымалы құрамын жөндеу жөніндегі слесарь.

Ол Хмельницкая облыс Юхимовцы ауылында 1959 жылы дүниеге келді. 1978 жылы № 71 Забеловский АКТУ тәмамдаған. Әскери қызметтен соң «Қостанай минералдары» АҚ-ға теміржол цехының депосына жылжымалы құрамды жөндеу слесарі ретінде жұмысқа тұрып, міне 40 жылдан астам кәсіпорында еңбек етіп келеді. Кәсіподақ ұйымының белді мүшесі болып табылады.

Виктор Михайлович өзін жауапты қызметкер, техникалық жағынан білікті маман ретінде көрсетті, жылдымалы құрамды жөндеудің технологиялық процесін өте жақсы біледі, ол әр тапсырманы белгіленген мерзімде, тартушы агрегаттарды жөндеудің технологиялық карталарына сәйкес орындайды.

Виктор Михайлович Качуровский кәсіпорын ұжымының спорт өміріне белсенді қатысады, сондай-ақ аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады. Еркін күрес және гір спорты бойынша спорт шебері болып табылады. Жітіқара ауданының, сондай-ақ Қостанай облысының гір көтеру бойынша бірнеше дүркін чемпионы болып табылады. Спорт ардагерлері арасынан гір спорты бойынша әлем чемпионы.

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилік, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін комбинаттың басшылығы, сондай-ақ «Хризотил» филиалы Виктор Михайловичті ақшалай сыйақымен, мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен бірнеше рет марапаттады.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *