«Біздің Наташа»

«Мемлекеттік, банктік мекемелер және «Қызмет» қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы «Еңбек адамдары» айдарында күйбең тіршілігі, мәселелері, мың сауалдары, қуаныштары бар ең қарапайым өмір сүретін ауылдың, кенттердің, қалалардың қарапайым тұрғындары жайлы айтуды жалғастырады. Бүгін біздің кейіпкеріміз Чередниченко Наталья Николаевна, ол Ұзынкөл ауданында тұрады, «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл халыққа қызмет көрсету орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылармен жұмыс жасау бойынша кеңесші лауазымында қызмет атқарады.
Наталья Николаевна егер адамның бойында күші, энергиясы, жігері бар болса, онда адам жұмыстан кешке үйіне, отбасына, балаларына оралғанда өмірінің бір күні бекер өтпеген деген сеніммен қарай алатын, жақын адамдарыңды жүрегіңде тыныштық орнаған күйде, балаңның маңдайын иіскеп және тыныштықта демалатындай еңбек жасауы керек деп есептейді. 21 ғасырдың әйелі көп нәрсе жасай алады, ол күрделі мәселелерді шешіп біледі, шешімдерді қабылдай алады, ештеңеге қарамастан алға жылжып, артынан адам ерте алатындай және іштей мықты, сыртқа мейірімді, нәзік бола алатындай қабілеті бар.
Жұмыспен қамту орталығында жұмыс жасаған жылдар ішінде Наталья Николаевна көптеген отбасыға кеңес берді және мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек алуды рәсімдеуде көмегін аяған жоқ. Барлық жерде және әр уақытта үлгере отырып, күлімсіреп әріптестеріне, жас қызметкерлерге көмектесуден аянбайды, атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша көмекшілердің жұмысын тұрақты қамқорлықпен жіті бақылайды, учаскелік комиссиямен бірге отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеруге ұдайы шығып тұрады, Жұмыспен қамту орталығының кадрлық жұмысын, істер номенклатурасын және мұрағат істерін де жүргізуге үлгереді. Әріптестері ол туралы: «Біздің Наташа барлық жерде үлгереді, оның елгезектігі мен жауаптылығының шекарасында шек жоқ!». Наталья Николаевна секілді адамдарға қарап отырып, әлеуметтік салада елгезек ақ жүрегі бар, парасатты, жауапты әрі позитивті ойлайтын адамдар жұмыс жасау керек деген ой келеді.
Әріптестерімен бірге ол жұмыс істеп қана қоймай, сондай-ақ салалық кәсіподақ қызметіне белсенді қатысуға және барлық іс-шараларды ұйымдастыруға және өлең айтып, би билеуге де үлгереді, оның мерекелік дайындыққа міндетті қатысуы ешкімді таң қалдырмайды, қайсыбір істі жасаса да Наталья Николаевнаның қолынан бәрі келеді, дастархан да жаюлы, айналасы да қуанышқа бөленіп жүреді.
Қатысуға, көмектесуге, қолдауға дайын қасиеті үшін Наташаны ұжымда құрметтейді әрі жақсы көреді. Екі керемет қыздың анасы қыздарына туған жерге деген сүйіспеншілікті, үлкендерге құрметті бойларына сіңіріп келеді, өзі салауатты тұрмыс салтын ұстанады және қыздарына да соны үйретеді. Біздің ауылдарда, шалғай жерлерде осындай әйелдер, аналар, еңбекші әйелдер бар кезде біз өзімізге, адамдарға, туған жерге құрметін жоғалтпаған лайықты ұрпақ өсіреміз деген үміттеміз.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *