«Татуласу орталығы»

«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ «Татуласу орталығы» Татуласу орталығының заң клиникасына мүше ұйымдарының қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар қарапайым азаматтар, оның ішінде неке — отбасы қатынастары мәселелері бойынша жүгінеді.

Мәселен, 2023 жылдың 23 қаңтарында ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған қызының пайдасына жұбайынан ай сайынғы алимент өндіріп алу бөлігінде медиация рәсімін өткізу және медиативтік келісім жасасу туралы жазбаша өтініш білдірді.

Тараптар жұбайы (1-тарап) міндеттемелерін орындамаған жағдайда, әйелі (2-тарап) осы құжатта шартсыз жаза қолдану үшін атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгінуге құқылы екендігіне келісті.

Заң клиникасының маманы Дүйсемби Қарабаев жасалған медиативтік келісім бойынша міндеттемелерді орындамаған не орындаудан жалтарған жағдайда, мүдделі тарап бұйрық іс жүргізу тәртібімен міндеттемелерді орындау туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы екенін түсіндірді.

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *