«ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ АЯСЫНДА» АЙДАРЫ

❗ Ұжымдық шарт дегеніміз не? Бұл ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін қызметкерлер арасында олардың өкілдері мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт.

❗ Жұмысшыларға бұл не үшін қажет? Ұжымдық шарт — қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау құралы. Онда еңбек қатынастары толығырақ реттеледі.

❗ Ұжымдық шарт нені қамтиды? Қызметкерлерге қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктер. Мысалы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту немесе жалақыны индекстеу тәртібі туралы.

❗ Ұжымдық шарт кәсіподақ ұйымына қалай көмектеседі? Жұмысшылардың жұмыс берушімен еңбек қатынастарын тұрақтандыруға көмектеседі. Онда қызметкерлердің өкілі ретінде кәсіподақ құқықтарын іске асыру тетігі бар.

❗ Ұжымдық шарт кімге қолданылады? Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және атынан ұжымдық шарт жасалған ұйымның қызметкерлеріне және оған қосылған қызметкерлерге қолданылады. Қосылу тәртібі мен шарттары ұжымдық шартта айқындалады.

Толығырақ ақпарат алу үшін Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 8 (7142) 54-23-43 телефоны бойынша хабарласуға болады.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *