Білімді тексеру

2023 жыл еліміздің кәсіподақ ұйымдарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік жылы болып жарияланды. Сондықтан Қостанай мектептерінде «Қорғау» кәсіподақ мүшелерінің белсенді қатысуымен балалар мен мұғалімдер, педагог қызметкерлер мен қызмет көрсетуші персонал үшін олардың еңбек және білім беру қызметі процесінде қауіпсіздік шараларын нығайту, жарақаттанудың, кәсіптік сырқаттанушылықтың және жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша қосымша іс-шаралар өтіп жатыр. ОТ және ТБ стендтері жаңартылады және түрлендіріледі, нұсқамалар және т.б. өткізіледі.

Мәселен, 2023 жылғы 29 қаңтарда еңбекті қорғау жөніндегі арнайы құрылған мектеп комиссиясы №1 лицей мектебінде кезекті оқыту және қызметкерлердің білімін қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларын білу тұрғысынан тестілеу түрінде тексеру өтті. Ол Google Forms платформасында қашықтықтан жүргізілді. Оған барлығы 96 педагог қатысты.

Тестілеу қорытындысы бойынша мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы И. В. Алексеева жауаптарға талдау жүргізді. Директордың орынбасары-Ерденова Н.Б. ұжымды ҚР ЕК-ге барлық өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды, барлық нұсқамаларды өткізді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *