Біз күресуге дайынбыз…

27 қаңтарда Астанада ҚРКФ Бас кеңесінің отырысы өтті, онда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға байланысты Үндеу қабылданды.

Үндеуде «Еңбек нарығында да, жалпы қоғамда да жалдамалы жұмыскерлер мүдделерінің институционалдық өкілдері бола отырып, кәсіподақтар әрбір қазақстандық үшін осы маңызды саяси оқиғадан тыс қала алмайды» делінген.

Кәсіподақтар кәсіподақ мүшелерінің еңбек адамына қатысты барлық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру және қорғау мандатына ие.

Кеше Қостанай облысының орталығында «Аманат» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясы өтті, оның күн тәртібінде — партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша Қостанай облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну болды. Бұл тізімдерде «Аманат» партиясының мүшелері-облыстық кәсіподақ қозғалысының өкілдері ұсынылған. «Кәсіподақтар әділдік үшін» сайлауалды бағдарламасымен сайлауға қатысатын біздің өкілдеріміз еңбек адамы мен оның отбасы мүшелерінің құқықтарын мүдделерін қорғайтын болады.

 

#kasipodaqkz

#profsoyuzkz

#2023ЖылҚауіпсізЕңбекЖылы

#ЕңбекАдамыныңДенсаулығы

#ӨмірдіҚорғау

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *