КӘСІПОДАҚ ДӘРІСІ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТУРАЛЫ

«Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК-да бітіруші курс студенттерге құқықтық дәріс өтті.

Қазіргі уақытта колледж Қостанай облысының ірі және заманауи оқу орындарының бірі болып табылады. Бұл Қазақстанның солтүстігіндегі автомобиль-жол саласы үшін мамандарды даярлауды жүзеге асыратын жалғыз оқу орны. Колледж автомобиль және құрылыс-ожл саласының кәсіпорындарымен тығыз байланыс жасайды. Оқу 9 мамандық пен 11 біліктілік бойынша жүргізіледі.

Бітіруші курстардың көптеген студенті қазірден бастап жұмыс қарастырып жатыр. Осыған байланысты қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары қалай реттелетіндігі туралы көп сұрақтар туындап жатады.

Бұл туралы «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасының орынбасары Әсет Исмағамбетов, Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының басшысы Дүйсемби Қарабаев және «Келешек» жастар кеңесінің өкілі Александр Пынзарь толық айтып берді.

Балаларды кәсіподақтардың қызметі қызықтырды және ол жұмысшылардың құқықтарын қалай қорғайды? Сұрақтардың көпшілігі еңбек қатынастары туралы болды: еңбек және ұжымдық шарт дегеніміз не, олар не үшін қажет, қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, жалақы, демалыс уақыты және басқалар.

 

#kasipodaqkz

#profsoyuzkz

#2023ЖылҚауіпсізЕңбекЖылы

#ӨмірдіҚорғау

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *