Ғажап әйелдер — тамаша тағдырлар

ҚРКФ 26 съезінде қабылданған Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған «Әділдік пен дамуға деген бірлікте» Стратегиясында теңдестірілген гендерлік саясатты жүргізу міндеті қойылды. Федерацияның гендерлік саясатының басты мақсаты-жұмысшы әйелдердің жағдайын, олардың мансапта биік жетістіктерге жетуіне, кәсіптік оқыту құқықтары мен мүмкіндіктерін нығайтуға, сондай-ақ отбасы мен жұмыс арасындағы дұрыс тепе-теңдікті сақтауға ұмтылу.

Бүгінгі таңда кәсіподақтар әр әйелдің белсенді өмірлік ұстанымын дамытуға мүмкіндік береді.

Гендерлік теңдік мәселелері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру, отбасы мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті қолдау, кәсіподақтар арқылы қазіргі заманғы әйелдердің хабардарлығы мен саналылығын арттыру, сондай-ақ еңбек адамын, атап айтқанда әйелдерді, олардың құқықтары мен мансаптық өсу мүмкіндіктерін көпшілікке тарату мақсатында және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі аясында «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ кәсіподақ қозғалысының белсенді әйелдерін салтанатты қабылдау рәсімін өткізді.

Конференц-залда салалық және жергілікті кәсіподақтардың өкілдері – түрлі мамандықтар мен өндіріс салаларының әйелдері жиналды.

Аумақтық бірлестіктің төрағасы Ирина Аронова жиналғандар алдында «Әйелдердің кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысуын бағалау қажет. Кәсіподақ қоғамдастығының әйелдері еңбек адамының әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін дамытуға ықпал етеді. Бүгін біз қатысушылардың әрқайсысын атап өтіп, еңбегі үшін алғыс айтқымыз келеді», — деп сөз сөйледі.

Кәсіподақ орталығының алғыс хаттарымен:

—   Зауреш Мұқатқызы Ілімжанова – Александров ДА медбикесі;

—   Әлия Мұхамбетбакиқызы Болотпаева – «Қазпошта» АҚ ҚОФ Рудный ҚПББ бастығының орынбасары;

—  Марина Михайловна Староконь – әлеуметтік педагог, «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 30 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

—   Елена Владиславовна Леготина, «Пригородный орман шаруашылығының мекемесі» КММ ормандық шикізат ресурстары жөніндегі инженер;

—   Сәуле Серікқызы Игілікова — «Теміржолсу — Қостанай» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы

—  Наталья Николаевна Пастерук — «Костанайские минералы» АҚ Тау-кен көлік жабдықтарын жөндеу цехының жылжымалы құрам депосының ультрадыбыстық бақылау жөніндегі ақау бақылаушы;

—  Майра Жиентайқызы Искакова – Сарыкөл ОКҚ басшысының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары;

—   Гүлмира Мұхамедқалиқызы Оспанова – Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қостанай ауданының ветеринариялық станциясы» КМК ветеринар дәрігері;

— Зоя Андреевна Шашкова — «Қызмет» салалық кәсіподағының Федоров аудандық филиалының төрағасы

—  Тамара Петровна Тарасевич – ССКӨБ және тектес кәсіпорындары қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі марапатталды.

Барлық қатысушыға Аумақтық бірлестік әзірлеген естелік брошюралар мен ақшалай конверттер табысталды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *