Еңбек адамы
Еңбек адамы — Елена Владимировна Колеснюк, «Қостанай минералдары» АҚ Энергия басқармасының химиялық су тазарту аппаратшысы.
Химиялық су тазарту аппаратшысы — қазандық жабдықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды мамандық. Қазандықтар мен жылу желілерінің тұрақты жұмыс істеуі үшін суды зиянды қоспалардан тазартып, құбыржолдардың жемірілуін тудыратын оттегіден арылту керек. Мұның бәрін химиялық суды тазарту аппаратшысы жасайды.
Елена Владимировна Колеснюк 14.02.1978 жылы Жітіғара қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Жітіқара қаласының политехникалық колледжін «кең бейінді байытушы» мамандығы бойынша бітірді.
2000 жылы Жітіқара қаласының «Жылу энергетикалық компаниясы» МКК-да мазут төгуші болып жұмысқа орналасты.
2006 жылы «Қостанай минералдары» АҚ Оқу-курстық комбинатында 3-разрядты «химиялық су тазарту аппаратшысы» мамандығын иеленді. 2006 жылдан бастап қалалық қазандықтың химиялық су тазарту аппаратшысы болып ауыстырылды.
2016 жылы «Қостанай минералдары» АҚ қазандығына 3 разрядты химиялық су тазарту аппаратшысы болып жұмысқа орналасты. 2019 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, мамандығы бойынша 4-разрядты алды және қазандықты химиялық су тазарту аға аппаратшысы болып ауыстырылды.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап энергия басқармасының жылумен жабдықтау учаскесінде кәсіподақ ұйымдастырушысы болып табылады және учаске қызметкерлерінің мүдделерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы, ұжымда лайықты құрметке ие, әріптестеріне жұмыста көмек көрсетеді. Бірнеше рет адал еңбегі үшін алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
Елена Владимировна барлық бос уақытын ұлы Александрды тәрбиелеуге арнайды. Жақында үлкен қызы Евгения отбасы құрды, ол анасының ізін жалғастырып, химиялық суды тазарту аппаратшысы болып жұмыс істейді. Елена Владимировнаның сүйікті хоббиі — бау-бақша және аспаздық.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!