Сүйкімді доктор Айболит.

 

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарамырза ауылдық округінің ветеринар дәрігері Ирина Петровна Киселева 1969 жылы 09 қаңтарда Украинада дүниеге келген. Жеті жасында ата-анасымен бірге Қазақстан Республикасына, Қостанай облысына, Қарасу ауданына, Қойбағор совхозына (қазіргі Қарамырза ауылдық округі) көшіп келді. 1983 жылы мектепті бітіріп, Урицкий СПТУ-22-ге оқуға түсіп, оны бітіргеннен кейін туған ауылына келіп, совхозға ветеринарлық санитар болып жұмысқа орналасты. Осы лауазымда жұмыс істегеннен кейін Ирина Петровна Қостанай Заречный АШТ-на ветеринариялық фельдшер мамандығына түсуге шешім қабылдады.

Уақыт өте келе Ирина Петровна «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша А. Байтұрсынов атындағы КМУ-ді бітірді.

2015 жылдан бастап Ирина Петровна «Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы» КМК Қарамырза ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. «Неліктен бұл мамандықты таңдадыңыз?» деген сұраққа Ирина Петровна:» бала кезінен үй жануарларын өте жақсы көретін және жануарларды емдеуді, оларға «Айболит» дәрігері сияқты көмектесуді армандайтын, сондықтан ветеринар болуға шешім қабылдайды. Жануарларды жақсы көру және түсіну керек».

Ирина Петровна өз жұмысына өте ұқыпты және жауапкершілікпен қарайды. Ұжымда Ирина Петровна әріптестерінің лайықты құрметіне ие, әрқашан көмектеседі және жақсы кеңес береді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі, барлық іс-шараларға қатысады. Бірнеше рет Алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.

Ирина Петровна жұбайымен бірге екі ұл тәрбиелеп өсірді. Жұмыстан бос уақытында гүл өсірумен айналысады. Демалыс күндерін балалары мен немерелеріне арнайды.

 

 

 

 

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *