«ДӘРІГЕР АДАМДЫ ЕМДЕЕДІ, АДАМЗАТТЫ МАЛ ДӘРІГЕР ҚОРҒАДЫ».

Адамға өмір бойы қызмет ететін жануарлар бар: олар адамдарды үйінділерден құтқарады, жоғалғандарды іздейді, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бүкіл өмірін малға, оларды емдеуге арнаған адамдар бар, бұл адамдар Ветеринар деген атақты мақтанышпен алып жүр! Ветеринар мамандығы жануарлар мен адам денсаулығының ажырамас бөлігі болып табылады.

«Еңбек адамы» айдары арқылы бүкіл саналы ғұмырын ветеринария саласына арнаған әріптесіміз Искаков Орманбек туралы айтқым келеді.

Орманбек Кушекович, Троицк малдәрігерлік институтын мал дәрігері біліктілігімен бітірді, сол кезден бастап оның мал дәрігері ретіндегі тарихы бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Осы уақытқа дейін осы саладағы еңбек өтілімі 45 жылдан астам бүкіл еңбек жолында осы мамандықты таңдағанына бір рет өкінген емес. 2012 жылы Орманбек Кушековичті Қамысты ауданының ветеринариялық станциясының жаңа директоры болып тағайындалды, ол әріптестеріммен малды толыққанды күтуге қажеттінің барлығын ұсақ-түйек етіп жинап, ветеринарлық пункт құруды қолға алды. Зейнеткер болғанына қарамай, Қамысты ауданының ветеринариялық стансасында жұмысын  жалғастыруда, оның қалай құрылғанын жас әріптестеріне мақтанышпен айта жүреді.

Орманбек Искаков – жанашыр, ар-ожданы таза, еңбекқор, жауапкершілігі мол жан, әрі әріптестеріне, кез келген қиын жағдайда қол ұшын беруге дайын. Сондықтан да әріптестері Орманбек ағаны ветеринария саласының ардагері ретінде мақтан етеді. Бұл жұмыс ол үшін нағыз шақыру. Жүрек қалауысыз жануарларға көмектесуге және оларды емдеуге бару мүмкін емес.

Осындай жұмыс тәжірибесі мен өз кәсібіне толық берілгендігіне қарамастан, Орманбек Кушекович сүйікті жар, әке және ата болып қала береді.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *