ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНДА КОНСЕНСУСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ…
Кәсіподақ мүшелері арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ еңбек дауларында және «Кәсіптік одақтар туралы» ҚРЗ орындау мақсатында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдыларын дамыту мақсатында Қостанай облысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы келісім комиссияларының мүшелері, өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары үшін «Жеке еңбек даулары, келісім комиссиясы, медиация» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіподағының төрағасы Егор Яковлевич Каппель, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Ирина Петровна Аронова қатысты.
Ирина Аронова өз сөзінде: «8 ай ішінде даулы жағдайлар болған жоқ. 5 еңбек дауы тіркелді,оның 3-і оң шешілді, 2 дау шешілу сатысында».
Келісім комиссиялары еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіппен реттеуде маңызды рөл атқарады, сондықтан мұндай оқыту семинарлары тұрақты негізде өткізіледі.
Семинар соңында қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар берілді.
Ответить
Хотите присоединиться к обсуждению?Не стесняйтесь вносить свой вклад!