ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ 2023 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРДІ АНЫҚТАДЫ. 

 

2023 жылғы 20 желтоқсанда Қостанай облысының аумақтық құрылымдары салалық және жергілікті кәсіподақтар өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Қостанай облысының Кәсіподақ орталығының 2023 жылдың ағымдағы кезеңіндегі қызметі туралы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Әсет Исмағамбетов хабарлады. кәсіподақ орталығының Заң клиникасы мемлекеттік органдармен, адвокаттармен және медиаторлармен тығыз қарым-қатынаста азаматтардың 112 өтінішін қарады. Оның ішінде 104 мәселе оң шешілді.

Кәсіподақ орталығының мамандары 12 сот процесіне қатысты, оның 9-ы қызметкерлердің пайдасына шешілді. Сот шешімі бойынша 7 қызметкердің пайдасына 3 миллион 50 мың теңге өндірілді. Сотқа дейінгі тәртіпте 4 медиативтік келісім жасалды.

Салалық және жергілікті кәсіподақтар бір мыңнан астам адамды қамтитын 23 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымын құрды.

Қостанай облыстық «Қорғау» білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жұмыс тәжірибесі туралы төраға Валентина Рахымжанқызы Көшетерова хабарлады. Баяндамада бірлестік құрылымында 185 бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар екендігі атап өтілді. Ұжымдық-шарттық науқан барысында 62 ұжымдық шарт жасалып, оларға толықтырулар енгізе отырып, 123 шарттың қолданысы ұзартылды.

Келісім комиссияларының 650 мүшесі, 320 жұмыс беруші және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары келісім комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі бойынша салалық білім беру кәсіподағының оқыту семинарларында курстық дайындықтан тегін өтті. 8 мыңнан астам кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары сот тәртібімен қалпына келтірілді. Осы кезеңдегі қаржылық пайда 31 млн. 700 мың теңгені құрады. Кәсіподақтың аса мұқтаж мүшелеріне 7 млн. теңгеден астам сомаға материалдық көмек көрсетілді. Санаторий-курорттық сауықтырумен кәсіподақ мүшелерінің 590 адамы қамтылды.

Отырысты қорытындылай келе, Кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова кәсіподақтар Федерациясы 2024-2026 жылдарға арналған жаңа Бас келісімді жасасу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, сондай-ақ облыстық келісімге ұсыныстар енгізілгенін хабарлады. Сондай-ақ, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуды бақылауды күшейту бөлігінде ұсынымдар, ұжымдық шарттардың сапасы мен толтырылуы бойынша кәсіподақ комитеттерінің одан әрі практикалық қызметі, сондай-ақ оқытуды жүргізу үшін ұсынымдар берілді.

Соңғы бөлімде кәсіподақ жетекшілері мемлекеттік және кәсіподақ наградаларымен марапатталды.

Мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY «ҚБ Қостанай облыстық ұйымы»филиалының төрағасы Михаил Александрович Литошенко марапатталды.

«Еңбек озаты» медальмен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Қостанай қалалық ауруханасы» КМК анестезиолог-реаниматолог дәрігері Хван Сергей Федорович марапатталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ ҚФБ төрағасы Үміт Бламбекқызы Акимбаева және «ҚТЖ — Жүк тасымалы»ЖШС филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрлан Құрманұлы Орынбеков марапатталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының алғыс хатымен «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 115 жалпы білім беретін мектебі» КММ кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрғалиева Жанара Бауыржанқызы және Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының бас маманы Мұстафина Сәуле Меңдбекқызы марапатталды.

0 ответы

Ответить

Хотите присоединиться к обсуждению?
Не стесняйтесь вносить свой вклад!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *